Дуалдан 15 млн теңге лақтырған: Қостанайда блогер сотталды
Қостанай облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында Қарабалық ауданының тұрғыны, блогер Миршат Сәрсембаевқа қатысты үкім шықты.
Астана, NEGE. Ол аса ірі көлемде бопсалау бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Тергеу нұсқасы бойынша, Қарабалық құс фабрикасындағы санитарлық нормалардың бұзылуы туралы жарияланымдарды тоқтату үшін 20 миллион теңге талап еткен. Бұған дейін фабрикаға осы бұзушылықтар үшін бірнеше рет айыппұл салынған.
Блогер кәсіпорынның заңгерімен келісімге келген. Заңгер түнде оның үйінің дуалынан 15 миллион теңге лақтырған.
Прокурор оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ал айыпталушы кінәсін мойындамады. Сотта блогерді қорғаған заңгерлер М.С.-ның кінәсі дәлелденбегенін айтып, істі «қолдан жасалған» деп санайды. Олардың сөзінше, қоршау арқылы берілген ақша сотта дәлел ретінде көрсетілмеген, ал тінту санкциясыз жүргізілген.
Сотта блогердің мүддесін құқық қорғаушылар қорғады. Олар блогердің кінәсі дәлелденбегенін айтты. Олардың сөзінше, қоршау арқылы берілген ақша сотта дәлел ретінде көрсетілмеген, ал тінту жұмыстары тиісті санкциясыз жүргізілген.