ДСМ қазақстандық және ресейлік вакциналардың бағасын айтты

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов қазақстандық және ресейлік вакцинаның болжамды бағасын айтты.

Алматы, NEGE. "Ресейлік серіктестеріміздің мәліметі бойынша, Ресейде Sputnik V вакцинасының құны шамамен 20 АҚШ доллары көлемінде. Ал өзіміздің отандық вакцинаға келетін болсақ, қазір зерттеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, өндірушіден оның бағасы жайлы мәліметті қаңтар-ақпан айларында білетін боламыз. Вакцинаның құны туралы толығырақ ақпарат алу үшін Білім және ғылым министрлігіне хабарласыңыздар, – деді ол брифингте.

Қазір оқып жатыр

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын қарауға алды