ДСМ Damumed-ке қатысты жағдайды жіті тексеріп жатыр

Денсаулық сақтау министрлігінің заңгерлері «Дамумед»  қосымшасындағы былықтың бетін ашпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Қазір қызметтік  тексеру жұмыстары басталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты. Дәрігердің қабылдауында болмаған адамдарға жалған ем жасап, қызмет көрсеттік деп есеп бергендер анықталады. Ресми мәліметтерге сай, 13 мыңға жуық жалған өтінім жасалып, 75 млн теңге талан-таражға түскен. Министрліктің ресми өкілінің мәлімдеуінше, бұл ақша емханалар есебінен 3 есе артық  қайтарылады.

«Ол жеке дәрігерлерден емес, ол заңды тұлғалардың атынан қайтарылады. Бұл жалған ақпаратты, науқастарды жалған тіркеуге, осыны қолданған медициналық орталықтар кәдімгідей қылмыс істегенмен бірдей. Неге десеңіз, кез келген науқас осындай бір жалған ақпарат орталық компьютерлік жүйеге енгізілген кезде, ол ертеңгі күні ес-түссіз ауруханаға түскен кезде кез келген дәрігер оның құжатын, өткен аурулары мен қабылдаған дәрілерін қараған кезде жалған ақпаратты алады да, өзінің емдеу ережесін басқаша жолмен жүргізеді ғой», - дейді ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді