ДСМ: 259 науқастың жағдайы ауыр

Денсаулық сақтау министрлігі 259 науқастың жағдайы туралы айтты.

Алматы, NEGE. 2020 жылғы 19 желтоқсандағы ақпарат бойынша коронавирус жұқтырған 259 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

19 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 568 адам короновирус инфекциясынан (13 800 КВИ және 11 768 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 397 пациент стационарда, 21 171 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.


КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 259 адамның жағдайы ауыр;
• 38 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?