ДСМ Таразда босанған әйелдің өліміне байланысты тексеру жүргізеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облыстық перинаталдық орталығына қатысты жоспардан тыс тексерудің басталғаны туралы хабарлады.

ДСМ

Алматы, NEGE. Ведомстваның мәліметінше, тексеру кезінде медициналық персоналдың барлық кезеңдердегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

«Тексеруге босанған әйел С.Н.-нің қайтыс болуына байланысты қайғылы жағдай негіз болды. Бақылау іс-шаралары аяқталғаннан кейін тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін тиісті органдарға берілетін болады», – делінген хабарламада. 

Тексеру нәтижелері қосымша хабарланатыны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін