'Достық' және 'Алтынкөл' теміржол станцияларының бастықтары қызметінен босатылды
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен 'ҚТЖ' ҰК' АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев 'KTZE-Khorgos Gateway' құрлық портының, 'Нұр жолы' және 'Алтынкөл' өткізу пункттерінің жұмысын тексерді.
Алматы. NEGE. Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өткізіліп, онда Қазақстан – Қытай шекараcында бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.
«Сапар қорытындысы бойынша "Достық" және "Алтынкөл" шекара маңыдағы теміржол станцияларының басшылары қызметтерінен босатылды», - деп хабарлады "ҚТЖ" баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.