Достарымен кездесу үшін көршісінің көлігін заңсыз айдап кеткен жігіт ұсталды

Достарымен кездесу үшін көршісінің көлігін заңсыз айдап кеткен жігіт қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері көлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен жас жігітті ұстады.

Оқиға түнгі уақытта болған. Жас жігіт көпқабатты үйлердің ауласында тұрған көршісінің автокөлігіне көзі түскен. ВАЗ көлігінің есігі ашық қалған соң, ол осы сәтті пайдаланып, рөлге отырған. Содан көлікті оталдырып, достарына жетіп алу үшін айдап кеткен. Оқиға орнына жеткен соң, қиылыстардың бірінде автокөлікті қалдырып кеткен. Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті дер кезінде анықтап, заңды иесіне тапсырды.

Қазіргі таңда күдікті қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Пластикалық ота жасатуға барған: Алматыда блогер Сәуле Ермаханова көз жұмды

Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін

Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?