«Дос-Мұқасан» фильмінің актерлері бейнебаян ұсынды (видео)

Бұл туралы фильм режиссері Айдын Сахаман инстаграм-парақшасында хабарлады. Туынды ансамбльдің құрметіне арналған.

 Режиссердің мәлімдеуінше, жасты да, жасамысты да кинотеатрға ағылтқан «Дос-Мұқасан» фильмінің прокатының аяқталуына санаулы күндер қалған.  Енді аталмыш туындыға түскен актерлер ансамбль репертуарындағы «Жан досым» әнін орындап, бейнебаян ұсынды. Көрсетілімнің көптің көңілінен шыққанына риза болса керек, «Осы жобаға қатысқан өз ісінің мамандарына алғысым шесіз!» – деп жазды Сахаман.  

Айта кетейік, киногер бұған дейінгі сұхбаттарында «Дос-Мұқасан» тундысының 80 пайыз шындыққа негізделіп таспаланғанын айтқан еді. Фильмде басты рөлдерді Мейірғат Амангелдин, Мақсат Сәбитов, Саят Мақұлбаев, Әбілмансұр Серіков, Елдос Шәйкенов, Артур Асқарұлы, Нұрғиса Қуанышбайұлы ойнайды.

Қазір оқып жатыр

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады