Досын атып өлтірмек болған павлодарлық 8 жылға сотталды

Сот үкімі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар, NEGE.  Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот 28 жастағы павлодарлықты қылмысқа дайындалғаны және кісі өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп тапты. Іс материалдарына сәйкес, оқиға өткен жылдың сәуір айында көпқабатты үйдің ауласында болған. Облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны досына үлкен сома берген, бірақ ол қарызды уақытында қайтармапты. Ер адамдар өзара келісе алмаған. Несие беруші аңшы мылтығымен қаруланып, жәбірленуші тұрған Бұқар жырау көшесіне барады. Сотталушы борышкерді кіреберістен көріп, екі рет оқ атқан. Бірінші оқ кіреберістің металл есігіне, екіншісі үйдің қабырғасына тиеді. Қорыққан борышкер кіреберіске жүгірген, несие беруші жәбірленушіні қуып жете алмаған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді