Доңыз жылында дауға қалған президенттер

2019 әлемдік саясатта түрлі кереғар оқиғаларға толы болған жыл ретінде есте қалғалы тұр. Әсіресес, президенттер мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен болған шулы оқиғалар, қылмыстар, текетірестер, т.б. жыл бойы адамзатты әрі-сәрі күйге салған оқиғаларға толы болды. Біз бұлардың бәріне тоқталмасақ та, бірен-саранын сөз етеміз.

2019 жылдың есте қалар шулы оқиғасы ретінде, әрине, Трампқа жарияланған импичмент ауызға түседі. Әрісі Конгрестегі демократиялық партияның серкелері, берісі Американың айтулы заң акдемиялары мен университеттерінің азулы профессорлары ортаға алып, Дональдтің біраз заңсыз әрекеттерін бүкіл әлем алдында аймаңдай етті. Демократтардікі белгілі, ал, Ғалымдар Трампқа НЕГЕ қарсы?

Алдағы президент сайлауында басты қарсылас болатын демократтармен алыса жүріп, жыл аяғында Дональд Трамп қазақ еліне қатысы бар біршама істерге ұйытқы болды. Әуелі, желтоқсанның алғашқы жартысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жолдап, еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында АҚШ президенті қазақстандықтарды құттықтады. Екі елдің өзара жүргізген ынтымақтастық қатынасы аясында «ядролық қаруды таратпаудан бастап терроризмге қарсы күреске дейінгі мәселелерді шешу ісіндегі ынтымақтастығымыз әлемді едәуір қауіпсіз әрі тұрақты еткенін» айта келіп, Трамп мырза Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Америка Құрама Штаттары Сізбен және Қазақстан халқымен жемісті жұмыс істеуге дайын. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Қазақстанның болашағы жарқын әрі табысты болады деп сенемін", – дейді.

Трамптың танымалдылығынан кем түспейтін әлемде тағы бір президент болса, ол – Ресей президенті Владимир Путин. Бұл жылда Путинге ерекше назар аудартқан даулы істердің бірі, оны «Кремлінен қуып шығу» үшін жаяу шабуыл ұйымдастырған якутиялық шаманмен байланысты болса керек.

Керек-жарағын қоларбасына артып алып, жарты жыл бойы Сібірді көктей өтіп, жаяу шыққан Габышев деген шаман Кремльді әжептәуір әбігерге салды. Жол бойы, шаман тоқтаған жерлерде шағын митингтер ұйымдастырылып, бүгінгі президентке наразы топ онысызда қауға тигендей қағынып тұрған Ресей саяси өмірінің отына май құя түсті. Жыл басы – наурызда басталған шаман Габышевтің «рухани-саяси сапары» қыркүйекте ФСБ қызметкерлерінің араласуымен жасалған арнайы операция барысында тоқтап, шаманның үстінен «экстремистік» бабы бойынша іс қозғалған.., осы айда, есін жиып алған шаманымыз дағарасын қайта қағып, тағы да Кремльге қаратып дұғасын оқуға көшті. Еш жаққа шықпауға қол қойса да, жанына өзі секілді бірер жындысүрей достары мен төрт итін ертіп, қайыра жолға шыққан шаман жайлы әңгіме әлі қайта қозғалғалы тұр...

2019 жылы Сауд Арабиясы королінің мұрагері Мохаммед бин Салман Washington Post-тың шолушысы боп қызмет еткен отандас журналисті Джамал Хашукджидің өліміне тапсырыс берді деп айыпталды. Бұл жылы Пәкістанның арнайы соты Президентті өлім жазасына кесті. Жаңажылдық корпоративті қайырымдылық шара ретінде өткізсе де, Зеленский тағы да күлкі мен сынға қалды.

Жалпы, шығып бара жатқан Доңыз жылы әлемдік саясатта өзіндік қолтаңбасын қалдырғаны анық. Алдағы 2020 жыл саяси сарапшылардың болжауынша, өте тартысты болмақ. АҚШ пен Батыстың Ресей мен Қытай еліне салған санкциялары, Америкада өтетін президенттік сайлау, саяси-экономикалық интеграция, қаржы саясаты.., бір сөзбен айтқанда, алдағы жылдың жаңалықтарынан шартпа-шүрт интригадан гөрі, елімізге пайдасы тиер жақсылықтар күтеміз.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы