Донбаста тағы да ұрыс болды

Ресейшіл қарулы топтар Донбаста Новотошковское, Орехово, Крымское, Хутор Вольный елдімекендерінің маңында орналасқан украин әскеріне шабуыл жасаған.

Алматы. NEGE. «Басқыншылар Минск келісімімен тыйым салынған қарулармен біздің қорғаушыларымызға қарсы оқ жаудырды. Дұшпандар түрлі жүйедегі гранатометпен және ірі калибрлі пулеметпен атқылады», – дейді украина тарабы.  

Ресей ақпарат құралдарына сүйенсек, ұрыс кезінде Украинаның бір жауынгері қаза тауып, тағы төрт әскер жеңіл жараланған. Ал содырлардан бір адам қаза тауып, бесеуі ауыр жарақат алған көрінеді.  

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?