Дональд Трамп ауруханаға жатқызылды

Коронавирус жұқтырған АҚШ президенті Дональд Трамп тікұшақпен әскери госпитальға жеткізілді, деп хабарлайды ВВС.

Алматы, NEGE. Дәрігерлердің айтуынша, бұл сақтық шараларын жасау мақсатында жасалған. СNN агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Ақ үйден Мэриленд штатындағы Уолтера Рида әскери-медициналық ұлттық орталығына тікұшақпен жеткізілген. Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның зайыбы Мелания коронавирус жұқтырды.

«Бүгін кешке АҚШ-тың бірінші ханымы және мен коронавирусқа тест тапсырдық. Ол оң нәтиже көрсетті. Біз дереу карантинге шығып, ем қабылдауды бастап кеттік. Біз бұны бірге еңсереміз!» - деп жазды президент Twitter -де.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?