«Дональд Трамп өзіне ескерткіш орнатты»

13 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Trump International гольф клубында өзіне орнатылған ескерткішті ашты. 

Anthony Constantino/X

Алматы, NEGE. Биіктігі 2 м-ден асатын мүсінді Американың көшбасшысына сыйлық ретінде кәсіпкер Энтони Константино тарту еткен. Бұл оқиға туралы кәсіпкердің өзі «X» әлеуметтік желісінде хабарлап, жазба жариялаған.

Жазбада Трамп пен Константиноның ескерткіш маңында кездескені айтылған. Бұл кездесу АҚШ әкімшілігінің басшысы гольф ойнауға аттанар алдында болған. Кәсіпкердің айтуынша, ескерткішті алғаш көрген сәтте-ақ АҚШ басшысын мақтаныш сезімі кернеген. 

Ескерткішке «Бұйрыққа бағынбау монументі» деген атау берілді.

Монументте Трамп костюм киіп, қолын жоғары көтеріп, жұдырығын түйіп тұрған күйде бейнеленген. Бұл – 2024 жылдың шілдесінде сайлауалды науқан кезінде оған жасалған қастандықтан кейін халық алдына дәл осы кейіпте шыққан сәтін еске түсіреді.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған