Доминиканалық нокаутшы Әлімханұлы мен Головкинге сес көрсетті

WBC ұйымының "уақытша" чемпионы атағы үшін жекпе-жектің үшінші раундында мексикалық Хуан Масиас Монтиэльді (23-6-2, 23 КО) нокаутқа түсірген доминиканалық Карлос Адамес (22-1, 17 КО) орта салмақта чемпиондарымен айқаспақ, деп жазды

Vesti.kz.

Алматы, NEGE. "Орта салмақта ең мықты мен екенім анық. Ал аты шыққандардың менімен жұдырықтасуға батылы жетіп, қашпайды деп ойлаймын. Дивизиондағы барлық чемпионмен жекпе-жекке шығып, жеңгім келеді", - дейді Адамес.  

Орта салмақта Джермалл Чарло (WBC), Геннадий Головкин (WBA Super, IBF, IBO) мен Жәнібек Әлімханұлы (WBO) чемпион екені мәлім.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды