Домбырамен ән айтқан алматылық әділқазыларды таңғалдырды

Қазақстандық Ерлан Байбазаров «Украина дауысы» жобасының Х маусымында бақ сынайды.

Алматы, NEGE. Украинадағы жоғары сұранысқа ие дарындар шоуында алматылық қатысушы электродомбырамен «Portugal the Man» тобының «Feel It Still» әнін орындап, көрерменді орнынан тұрғызды. Жасырын тыңдалымнан сәтті өткен Қазақстандық өнерпаздың ерекше дауысына тәнті болған әділқазылардың үшеуі Ерланды өз тобында көргілері келетінін айтты. Ал 29 жастағы Ерлан Потап пен Настя Каменскихтің командасын таңдады.

Айта кетейік, Ерлан Байбазаров Алматыда көлік жүргізушісі болған. Сахнада ән шырқамаса да, арманы адастырмады. Өнерінің арқасында арнайы кастингтен өтіп, жолдама алды. Енді Отандасымыз «Украина дауысы» жобасында бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»