Доллардың ертеңгі бағамы қандай болады?
Қазақстанның Ұлттық банкі 14 тамызда доллардың ресми бағамы қандай болатынын айтты.
Алматы, NEGE. Банк мәліметінше, ертең ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 418,72 теңге болады.
Ал бүгін бұл көрсеткіш 418,90 теңге болған еді.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 419,5-423 теңге аралығында сатылса, Нұр-Сұлтанда доллар 420-421 теңгеден сатылып жатыр.