Доллардың бағамы 495 теңгеге жетті

Теңгеге шаққандағы доллар бағамы тағы өсті. Қазақстан қор биржасының KASE деректері осыны көрсетті.

​

Алматы. NEGE. Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 28,34 теңгеге өсіп, 495,00 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметі бойынша, 26-28 ақпандағы доллардың ресми бағамы 467,09 теңге.

Бұған дейін Алматыда және Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау орындары сауданы тоқтатқан.