Доллардың 3 наурызға арналған ресми бағамы белгіленді

Ұлттық банк 3 наурызға арналған доллардың ресми бағамын белгіледі.

Алматы, NEGE. Бейсенбіде доллар бағамы 490,43 теңге болады. Айта кетейік, 2 наурызда доллардың ресми бағамы 487,75 теңге болған еді.

Айта кетейік, KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы – 490,43 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллар 492,62 теңге, сонымен қатар, 496,29 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде орта есеппен 492,92 теңгеден сатып алып, 494,82 теңгеден сатып жатыр.