Доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті.

Алматы, NEGE. Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 19 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,70 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 436, 25 теңге болды.

Ұлттық банктің 20 желтоқсандағы ресми бағамы  – 1 доллар үшін 435, 54 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437,89 теңгеден сатылса, сатып алу – 439,55 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 437,87 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 439, 02 теңге.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен