Доллар тағы арзандады
Қазақстан қор биржасындағы қорытынды сессияда бір доллардың орташа бағамы 414,67 теңге болды.
Алматы, NEGE. Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 422,34 теңге, ал сатылымда - 428,35 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 422,88 теңгеден сатып алып, 427,26 теңгеден сатып жатыр.