Доллар қымбаттады

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 12 қазандағы ресми бағамын белгіледі.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, 1 доллар құны – 474,95 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,18 теңгеге өсіп, 7,74 теңге болды.

11 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,70 теңгеге қымбаттап, 475,25 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475 - 480 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 477 - 481 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,11 - 7,31 теңге аралығында сатып алу ұсынылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты