Доллар кешелі бері арзандап жатыр

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады.

Алматы, NEGE. Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,68 теңгеге төмендеп, 1 доллар 430, 96 теңге болды.

Ұлттық банктің 28 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 61 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 433, 22 теңге, сатып алу –435, 14 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 432,56 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 434, 10 теңге.