Доллар қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3 сәуір кешімен салыстырғанда 85 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 473, 66 теңге болды. Ұлттық банктің 4 сәуірдегі ресми бағамы -1 доллар үшін 472, 56 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471 теңгеден сатылса, сатып алу – 476 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 470, 17 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 475 теңге.

Қазір оқып жатыр

20 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Атырау облысындағы отбасы қазасы: прокурор оқиғаның мән-жайын айтып берді

Астанадан үш есе қалып қойды. Айдын Рахымбаев үшін Алматы НЕГЕ қызық емес?

Жұмыссыздарға бизнес бастау үшін мемлекеттен 1,7 млн теңге грант беріледі