Доллар қайта қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.

Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,10 теңгеге өсіп, 471,13 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк 1 сәуірге белгілеген доллардың ресми бағамы - 466,31 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақыта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 471,85 теңге, сатылым - 475,79 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 470,68 теңгеден сатып алады, 474,79 теңгеден сатады.

Қазір оқып жатыр

20 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Атырау облысындағы отбасы қазасы: прокурор оқиғаның мән-жайын айтып берді

Астанадан үш есе қалып қойды. Айдын Рахымбаев үшін Алматы НЕГЕ қызық емес?

Жұмыссыздарға бизнес бастау үшін мемлекеттен 1,7 млн теңге грант беріледі