Доллар қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті.

Алматы, NEGE. Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 28 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,51 теңгеге өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 431, 71 теңге болды.

Ұлттық банктің 29 желтоқсандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 431, 18 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 434,23 теңгеден сатылса, сатып алу – 436,01 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 434,29 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 435,63 теңге.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен