Доллар тағы арзандады

Қазақстанда қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы көтерілді.

Алматы, NEGE. Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 18 қараша кешімен салыстырғанда 1, 34 теңгеге құлдырап, 1 доллар 430, 26 теңге болды.

Ұлттық банктің 19 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 431,60 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 431, 03 теңге, сатып алу – 432, 72 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 431, 07 теңгеден болса, сатып алу құны – 432, 03 теңге

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен