Доллар индексі төмендеді

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус пандемиясы салдарымен күреске қаражат бөлу туралы құжатқа қол қойғаннан кейін, доллар бағамы төмендеді. Доллардың негізгі алты валютаға қатысты индексі 0,2%-ға кеміп, 90,138 болды.

Алматы, NEGE.  27 желтоқсанда Трамп экономиканы ынталандыру және мемлекеттік шығыстар туралы заң жобасына қол қойған болатын. Экономиканы ынталандыруға бөлінетін қаражат жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуге, әр жеке тұлғаға 600 доллардан үлестіруге, экономиканың бірқатар саласын, білім беру жүйесін, шағын бизнесті қаржыландыруға бағытталмақ. Daiwa Securities компаниясының сарапшысы Мицуо Имаидзумидің айтуынша, жаздың соңына қарай фунт пен еуроның долларға қатысты бағамы төмендеуі мүмкін. «Трейдерлер қауесетке сүйеніп сатып алады, ал сатарда, керісінше, нақты деректерді есепке алады», –дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді