Доллар бағасы тағы өсті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады.

Алматы, NEGE. Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы демалыс күндерімен салыстырғанда 0,35 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 427,19 теңге болды. Ұлттық банктің 5 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,84 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 428,49 теңге сатылса, ал сатып алу - 426,94 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 427,72 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны - 426,63 теңге.

Өткен аптада АҚШ ақшасы 0,10 теңгеге арзандап,1 доллар бағамы 426,84 теңгені құрап, сәл арзандаған еді.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін