Доллар бағасы қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы қайта өсті.

Алматы, NEGE. Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 24 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,81 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 435, 16 теңге болды.

Ұлттық банктің 25 қаңтардағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 434, 34 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437, 23 теңгеден сатылса, сатып алу – 438,50 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436, 77 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 438,07 теңге.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен