Доллар бағамы тағы көтерілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті.

Алматы, NEGE. Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 31 қазан кешімен салыстырғанда 0,61 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 427, 76 теңге болды.

Ұлттық банктің 1 қарашадағы ресми бағамы -1 доллар үшін 427,11 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 427,43 теңгеден сатылса, сатып алу – 428, 94 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 427,43 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 428, 56 теңге.