Доллар бағамы сәл төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 19 қазанның кешімен салыстырғанда 0,11 теңгеге құлдырап, 1 доллар 426,00 теңге болды.

Ұлттық банктің 20 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,14 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425.01 теңге, сатып алу – 426, 5 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425, 7 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 8 теңге.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды