Доллар бағамы өсті

Теңгеге қатысты доллар қымбаттап келеді. Ұлттық банк демалыс күндеріне доллардың ресми бағамын жариялады.

Алматы, NEGE. Қаржы реттегіштің мәліметі бойынша, 11 және 12 шілдеде бір доллар 412,55 теңге болады. 10 шілдеде ресми курс 410,7 теңгені, бейсенбі, 9 шілдеде 409,98 теңгені, сәрсенбі, 8 шілдеде 409,19 теңгені көрсеткен.

Бұған дейін сарапшылар шілде айында теңгеге қатысты шетел валютасының бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін екенін айтқан. Олардың айтуынша, коронавирустың екінші толқыны мен ОПЕК елдерінің мұнай өндірісін қысқарту жоспарын толық орындамау және жаңа шектеулер бүкіл әлем экономикасына теріс әсер етуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтың екінші жұбайы жұмыс істейтін «Астана Балет» театры шығынға батқан

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді