Доллар бағамы қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті.

Алматы, NEGE. Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 10 наурыз кешімен салыстырғанда 0,33 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 510, 26 теңге болды. Ұлттық банк 11 наурызға белгілеген ресми бағам - 1 доллар үшін 509, 80 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 513, 60 теңгеден сатылса, сатып алу – 518, 99 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 518, 86 теңге.

Қазір оқып жатыр

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады

20 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Атырау облысындағы отбасы қазасы: прокурор оқиғаның мән-жайын айтып берді