Доллар бағамы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан. NEGE. Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 10 ақпан кешімен салыстырғанда 0,33 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 417,48 теңгені құраған. Ұлттық банктің 11 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 417,84 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 418,76 теңге сатылса, ал сатып алу - 417,28 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 418,80 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 417,76 теңге.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды