Доллар бағамы 2 теңгеге түсті
Доллар бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) деректері.
Алматы, NEGE. Таңғы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,85 теңгеге төмендеп, 504,76 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 18 наурыздағы ресми бағамы 506,14 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 509,54 теңге, сатылымда - 513,96 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде долларды 509,31 теңгеден сатып алып, 514,54 теңгеден сатып жатыр.