Доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

Алматы,  NEGE. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 5,73 теңгеге арзандады. 1 доллар - 443,57 теңге болды.

Ұлттық банктің 19 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 449,85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы - 447,18 теңге, сатып алу - 450,71 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 446,21 теңгеден болса, сатып алу құны - 449,06 теңге.

Қазір оқып жатыр

Енді басқа емханаға кез келген уақытта ауысуға болады

Павлодар облысында балаларға арналған 41 киіз үй лагері ашылады

Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты басталды

ҚТЖ қарызға белшеден батты: енді шығынды халық өтей ме?