Доллар 425 теңге болды

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді.

Алматы, NEGE. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы доллар бағамының 6, 04 теңгеге арзандағанын көрсетті.

1 доллар 425, 02 теңге болды. Ұлттық банктің 20 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 41 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 426, 99 теңге, сатып алу – 431, 76 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 426,58 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 429, 34 теңге.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызға белшеден батты: енді шығынды халық өтей ме?

Алматы облысында полиция бастығының орынбасары әйелін көлікпен қағып кеткен

Нәлібаев Алматы әуежайындағы құрылысты 1 шілдеге дейін аяқтауды тапсырды

Қазақстан көмір саласына инвестиция көлемін екі есе арттырмақ