Доллар бағамы қанша?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы 516 – 522 теңгеден саудаланып жатыр. 

Shutterstock

Алматы, NEGE. Ұлттық банктің 1 ақпанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 518,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 537,57.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,2 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521,5 теңге. Еуро 537,6 — 541,8 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516,2 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 537,5 теңгеден сатылып, 544 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17 — 5,30 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 31 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,99 теңгеге төмендеп, 518,20 теңге болған.

Қазір оқып жатыр

Өрт сөндірушілерге кедергі келтірген көлік бүлінсе, кім жауап береді?

Жаңаөзенде қыз алып қашқан 5 адам сотталды

Қазақстанда неке сақиналары күрт қымбаттаған

Air Astana және FlyArystan компанияларына авиаотынға байланысты айыппұл салынды