Доллар бағамы 496 теңгеге дейін төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) бір АҚШ валютасының құны 496 теңге.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ал Астанадағы ақша айырбастау нүктелерінде сатып алу 497-499 теңге, ал сату бағасы 505 теңгеден.

Сарапшылар мұны жаңа жыл мерекесінен кейін көк қағазға деген сұраныстың азаюы және рубльдің нығаюымен байланыстырады.

«Қазір теңгенің күшеюін өз басым уақытша деп бағалайтын едім. 2025 жыл теңгемізге біраз қысым түсетін жыл. Бірінші кезекте бұл - мұнай бағасының төмендеуі. Өйткені Трамптың да алға қойған мақсаты - мұнай бағасын құлдырату. Ол жағдайдың өзі белгілі бір дәрежеде экономикаға, Қазақстанға әсері бар. Тиісінше бұл біздің экспорт пен импорт арасындағы төлем балансына кері ықпал етеді», — деді сарапшы.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды