Діни радикал Ақтауда теракт ұйымдастырмақ болған – ҰҚК

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтаудағы лаңкестік әрекеттің алдын алған. 

ҰҚК

Алматы, NEGE. Күдікке ілінген азаматтың үйін тексеру барысында қауіп тудыратын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған заттай айғақтар табылған.

"Ұсталған азамат бұрын кісі өлтіргені үшін сотталып, радикалды діни идеологияны ұстанушы ретінде тіркелген. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Әзірге құзырлы орында лаңкестік оқиғасын жасамақ болған Ақтау тұрғынына қатысты ақпараттарды таратқан жоқ. Бұған қатысты қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны айтылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Оқушы қыздар халықаралық математика олимпиадасында үш медаль жеңіп алды

Ақмола облысында ерлі-зайыпты суррогат анамен соттасып, ақшасын қайтарып алды

Концерттерге жалған билеттер сатылуда – ІІМ

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды