Діни кітап сақтаған азаматқа айыппұл салынды

Жамбыл облысының 41 жастағы тұрғыны тыйым салынған діни кітапты сақтағаны үшін жазаланды. Тұрар Рысқұлов ауданының сотында тыйым салынған әдебиеттерді заңсыз иеленуге қатысты (ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі) әкімшілік іс қаралды, - деп жазады aikyn.kz.

kazface.kz

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары бұл кітапты азаматтан сәуір айында тауып алған. Кітап Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға тыйым салынған болып шықты.

Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, үйінде тыйым салынған кітап сақтағанын растады.

«ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігінің санкциясы бойынша жеке тұлғаларға өнімді тәркілеп, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Сот азаматты ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танып, 258 мың теңге айыппұл салу жазасын тағайындады», - деп хабарлады соттан.

Ал аталған кітап жойылуға жіберілді. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Brent мұнайының баррелі 103,91 долларға дейін өсті

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

Полицейлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлеріне ескерту жасады

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады