Діни басқарма «Құпия санта» ойынына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңа жыл қарсаңында ойнайтын «Құпия Сантаға» қатысты пікір білдірді.

Pixabay

Алматы, NEGE. Мүфтият бөгде елдің мәдениетінен бұрын ұлттық құндылықтарды дәріптеу әлдеқайда орынды екенін еске салды.

«Біздің дінімізде де, дәстүрімізде де «Құпия Санта» ұғымы жоқ. Сондықтан бөгде мәдени түсініктерді қабылдап, оны насихаттағаннан гөрі, адамдардың жүрегін жақындататын ұлттық салт-дәстүрлерге және исламның асыл құндылықтарына негізделген ұстанымдарды дәріптеген әлдеқайда орынды», – деді басқарма өкілдері.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңа жылдың діни мерекеге жатпайтынын атап өтті.

«Оны тек жылдың басталуы ретінде қабылдап, бұл уақытты игі істерге, өзара дұға-тілектерге және адамдарға ізгі ниет білдіруге арнаса, онда еш айып жоқ. Ал егер мерекелеу алкоголь ішу, ерлер мен әйелдердің шектен тыс араласуы және шариғатта тыйым салынған өзге де әрекеттермен қатар жүрсе, мұндайға жол беруге болмайды», – деп ескертті ҚМДБ.

Қазір оқып жатыр

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді