Дмитрий Попко Мексикадағы жарыстың финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 245-ракеткасы Дмитрий Попко Морелия (Мексика) челленджер турнирінің финалына жолдама алды. 

ktf.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 204-ракеткасы, франциялық Уго Греньенің мысын басты. Попко қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Бір сағат 28 минутқа созылған бәсекеде Попко 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

Дмитрий Попко финалда әлемнің 95-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен бас жүлдені сарапқа салады.

Дакворт жартылай финалда тағы бір қазақстандық, рейтингіде 215-орындағы Бейбіт Жукаевты 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?