Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің финалында есе жіберді

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Морелос (Мексика) челленджер турнирінің финалына дейін жетті.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 168-ракеткасы, швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда швейцариялық спортшы 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Попко есе қайтарды – 6:3.

Шешуші, үшінші сет Хюслердің пайдасына шешілді – 6:4.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матч барысында Попко 7 эйске қоса 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Хюслер 12 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Бұдан бұрын Морелиядағы осындай жарыста жеңімпаз атанған Д.Попко әлемдік рейтингіде 175-тен 159-орынға көтеріледі.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты