Дмитрий Попко Аргентинадағы турнирдің финалына өтті

Қазақстандық, әлемнің 309-ракеткасы Дмитрий Попко Тукуман (Аргентина) ITF турнирінің финалына шықты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 352-орында тұрған аргентиналық Федерико Агустин Гомеспен кездесті.

Тартысты бәсекеде Д.Попко 4:6, 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Дмитрий Попко финалда әлемнің 335-ракеткасы, бразилиялық Педро Сакамотомен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазақстандық теннисші осымен қатарынан төртінші рет ITF додасында финалға шығып отыр. Оның жеңіс сериясы 19 матчқа жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гөзал Айнитдинованың Қазақстан чемпионатының абсолютті чемпионы атанғанын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады