Дмитрий Попко Португалияда өткен турнирде жеңіліп қалды

Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Дмитрий Попко Португалияда өткен турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Астана, NEGE. Попко италиялық Лусиано Дардериден екі сет қорытындысы бойынша ұтылды. Кездесі 6:3, 6:2 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталған. 

Айта кетелік, Дмитрий Попко жұптық сында да өнер көрсетуде. Ол Тимофей Скатовпен жұптасып сынға түседі.