Дмитрий Песков коронавирус жұқтырып алыпты
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков коронавирус жұқтырып, ем алып жатқанын растады.
Алматы, NEGE. Ол «Шынымен коронавирус жұқтырдыңыз ба?» деген сұраққа: «Иә, сырқаттанып қалдым. Емделіп жатырмын» деп жауап берді. Бұған дейін «Незыгарь» Telegram-арнасы президенттің баспасөз хатшысының коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін хабарлаған. Айта кетсек, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің басшысы Владимир Якушев және Мәдениет министрі Ольга Любимовадан коронавирус анықталған. Мишустин 30 сәуірден бері медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы қалыпты екенін айтты.