Дмитрий Морозов: Нәтижем көңілден шығады

Қазақстандық конькиші Дмитрий Морозов Бейжің Олимпиадасында 1500 метрге жүгіруден 18-ші орын иеленді. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы өз нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

Астана, NEGE. «Жалпы алғанда, өз нәтижем көңілден шығады. Бірақ  тактикалық және физикалық тұрғыда әлі жетілдіретін тұстар көп. Алда масс-старт бар. Екі қашықтыққа да дайындалдым. 

Масс-стартты лотерея деп атасам да, артық емес. Барлығы да болуы мүмкін. Өйткені, әрдайым жақсы нәтижеден үміттенетіміз рас қой... Мұндағы мұз біздің «Алаудағы» мұз айдынына ұқсайды. 

Жұбайым Надежданың жарысқа түскен сәтін теледидар арқылы қарап жүрмін. Екеуміз бірге жаттығамыз», - деді Морозов. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр