2 августа 2022 г. 11:28

Дмитрий Медведев Қазақстанды «жасанды мемлекет» деп атады

Фото:

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің ВК желісіндегі парақшасында арандатушылық жазба жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz.

Алматы, NEGE. Жазбада Қазақстан "жасанды мемлекет" деп жазылған, сондай-ақ, Солтүстік және Оңтүстік Осетия, Абхазия және Грузияның қазіргі аумағы тек Ресеймен біртұтас мемлекет ретінде біріктірілуі мүмкін екендігі айтылған. 

 "КСРО қатарында болған қуатты халықтардың барлығы қайта бірге бейбітшілікте болады. Киев пен Кіші Ресейдің барлық аймағы босатылғаннан кейін біз мың жыл бұрынғыдай қайтадан мықты, әрі қуатты ел боламыз", - деп жазған.

"Осыдан кейін, Мәскеудің басқаруы арқылы барлық славян халқы бірігіп, Отанымыздың шекарасын қалпына келтіруге келесі қадамға барамыз, біздің шекарамыз ешқашан аяқталмайды", - деді Медведев жазбасында.

Ол Қазақстанның жасанды мемлекет екенін және ол жерге тәртіп орнатпаса болмайтындығын жазған. 

"Қазақстан - бұрынғы Ресейдің территориясындағы жасанды мемелекет. Мысалы, Гурьев, Семей қалаларын алып қараңыз, тіпті Алматының өзі 1924 жылға дейін Верный деп аталып келді. Қазір Қазақстан билігі түрлі этностарды республикаға қоныстандыру бастамаларын жүзеге асыруға кірісті. Оны орыстардың геноцидіне жатқызуға болады. Біз бұған көз жұмып отыра алмаймыз. Ол жерге орыстар келмей, тәртіп болмайды", - деді Медведев.

Кейін бұл жазбаны Ресейдің бұрынғы президенті өшіріп тастаған.

 

Тегтер: