Дмитрий Легкий Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дмитрий Максимович Легкий ант берді.
Алматы, NEGE. «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді Д.Легкий.
Сонымен қатар жалпы отырыста палата депутаттары Дмитрий Максимовичті Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайлады.
Бұған дейін хабарланғандай, биыл қазан айының соңында ҚР Орталық сайлау комиссиясы Д.Легкийді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді.
Айта кетейік, Д.Легкий 1957 жылы Украинада дүниеге келген. Мамандығы - тарихшы. Жоғары оқу орындарында сабақ берген.